"Ақша аудармаңыз": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
993

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ведомство басшылығы атынан мессенджерлер арқылы жіберілген жалған хабарламалар саны артқанын ескертті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, мекеме басшылығының атынан WhatsApp және Telegram арқылы жалған хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Хабарламаларды интернет-алаяқтар таратып отыр.

"Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға шақырады және мынадай кеңестер береді:

  • күмәнді хабарламаларға сенбеу;
  • бөгде сілтемелерге өтпеу;
  • белгісіз тұлғаларға ақша аудармау;
  • алынған хабарламалардың шынайылығын міндетті түрде тексеру", - делінген мекеме хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...