Робот алғаш рет сегіз есе жылдамдықпен адам тісін емдеді

фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
2925

Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет адам емдеді. Құрылғы жұмысты сегіз есе жылдам, өнімді орындауымен ерекшеленді, деп хабарлайды madeniportal.kz alash.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жасанды зердесі бар тіс дәрігерінің бірінші міндеті -  тісті коронкаға дайындау. Мұны робот сәтті еңсерді. Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін жасай нақты жасай алады екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...