Трамп Тоқаевқа жолдау жолдады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
823

АҚШ президенті өз хатында Қазақстан халқын елдің маңызды мерейтойымен құттықтап, Астана мен еліміздің барлық өңірінде миллиондаған қазақстандық мәдениетін, тарихи мұрасын және елдің бірегей табиғатын мақтанышпен атап өтетінін жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Сізбен бірге президенттік қызметтегі екі мерзімімде қалыптасқан тамаша қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға үміттенемін», – деді ол.

Сондай-ақ Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты «күшті әрі шешімді көшбасшы» деп атап, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған мерекеге қосылу өзі үшін үлкен мәртебе екенін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 қазан мен 2 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде өзін өртеді делінген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. “30 қазанда...