Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен Əдебиетшілер үйінде Алаш арыстары мен ашаршылық құрбанд...
Бестеректегі қайғылы жағдай: зардап шеккен қызға миына күрделі ота жасалуда
Сурет t.me/DenMinPR
Денсаулық сақтау министрлігі Бестерек ауылында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ведомствоның дерегінше, облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлық бригада толыққанды диагностикалық тексерулер жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, ота жасау жоспарын әзірлеген.
Қазіргі уақытта стационарда үш бала жатыр. Олардың бірінің жағдайы аса ауыр деп бағалануда, ал қалған екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Балалардың жағдайының ауырлығы алған жарақаттарымен байланысты. Оларға бас-ми жарақаты, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылды",– делінген хабарламада.
Сонымен қатар, балалардың жағдайы тұрақталған соң оларды әуе бортымен Астанаға жеткізу мәселесі қарастырылатыны айтылды.
"Қазіргі сәтте пациенттердің біріне нейрохирургтар тарапынан миына күрделі ота жасалуда, ішкі ағзалардағы қан кету тоқтатылды", – деп мәлімдеді министрлік.