Ақтөбеде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
595

23 мамыр күні Ақтөбедегі Тұргенев көшесінде өтіп бара жатқан тұрғындар қоқыс контейнері маңынан сәбидің жылаған дауысын естіген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олар тексеріп көргенде, пакеттің ішінде жаңа туған нәресте жатқанын байқап қалған.

Куәгерлер сәбиді дереу алып шығып, жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер нәрестені дер кезінде ауруханаға жеткізді.

Қазіргі уақытта полиция баланың анасын анықтап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Қоқысқа тасталған шақалақтың өмірін бей-жай қарамаған адамдар құтқарып қалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...