Туды өзгертіп, тұмшаланып суретке түскендердің үстінен іс қозғалды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1961

Әлеуметтік желіде Қазақстанның туына Сауд Арабиясы туының элементтерін қосып өзгертіп суретке түскендердің үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл фото Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы Мұз сарайында түсірілген болуы мүмкін. Атырау облыстық полиция департаменті қазір суретке түскендер анықталғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде таралған  жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды, – делінген полиция хабарламасында.

Олар ұстап тұрған Қазақстанның Мемлекеттік туының жоғарғы жағында арабша жазу жазылып, қылыштың бейнесі суреттелген.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...