Риддер жылу орталығында жарылыс болды

Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2245

Риддер қаласындағы жылу-электр орталығында (ЖЭО) жарылыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2024 жылдың 21 желтоқсанында таңғы сағат 4:39-да Риддер ЖЭО-ның ленталы конвейер учаскесінде газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыс нәтижесінде өрт шықпаған. Бұл оқиға жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде болған», — деп жазылған хабарламада.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, «Риддер ЖЭО» штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, ал қала тұрғындарының үйлеріндегі температура қалыпты. Оқиға болған сәтте сыртқы ауа температурасы минус 4 градус болған.

«Шығыс жылу» АҚ мамандары жылу жүйесін тексеру және реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жүйедегі қысым уақытша аздап төмендеуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алды. Әкімнің айтуынша, жарылыс салдарынан алты адам зардап шеккен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...