Ақтауда қауіпті ойынның кесірінен мектеп оқушысының миы шайқалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1723

Ақтауда бір-бірін талдырып ойнайтын қауіпті ойынның кесірінен мектеп оқушысы ми жарақатын алды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ ALASH.KZ порталы сайтына сілтеп. 

Оқиға 18 мамыр кешке 32В шағын ауданындағы ойын алаңында болған. Қауіпті ойыннан бала өліп кете жаздады.

12 жастағы бала есін жоғалтып, құлап, басын жерге соқты,кейін құрысулар пайда болыпты. Жанындағылар мектеп оқушысын есін жиғызбақ болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем шақыртудан жарты сағат өткен соң ғана келген. Зардап шегуші шұғыл түрде Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді.

Жедел жәрдем 2012 жылы туған жасөспірімді жатқызғанын растады. Ол «Жабық ми жарақаты, ми шайқалуы» диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды.

Науқастың жағдайы тұрақты, хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Шоу-бизнес

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына байланысты қайта ота жасау қажет болуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal....