Түнде үй жинасаңыз енді айыппұл төлейсіз

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1442

Енді түнде үй жинап, кір жусаңыз көршілердің мазасын алғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Яғни, түнде шаңсорғыштың немесе кір машинасының дауысы қатты естілетін болса, көршілерден шағым түссе айыппұл төлейсіз. 

Заңнамаға сәйкес жұмыс күндері кешкі сағат 22:00-деп бастап таңғы сағат 9-ға дейін тұрғындар тыныштықты сақтау керек. Ал демалыс күндері 23:00-ден таңғы 10-ға дейін шу көтеруге болмайды. 

Бұл үшін пәтер иесіне 20 мың теңге айыппұл салынады. Жағдай қайталанса сома 39 мың теңгеге өседі. Ал заңды тұлғалар бірінші рет 118 мың теңге төлесе, екінші рет 785 мың теңгесін санап береді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...