Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
496

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

                                       

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

                                             

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Иркутск облысында алты және сегіз жастағы екі бала әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен такси жүргізушісі...