Түркі жұртының ақындары И. Насимидің 650 жылдығын тойлау үшін Ошқа жиналды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4150

Кеше, 19 мамыр күні Ош қаласының халықаралық әуежайында әзербайжанның ойшыл ақыны Имамеддин Насимидің 650 жылдық мерейтойына келген Түркі тілдес елдердің ақындарын қарсы алу салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды «Мәдениет порталы» kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Ақындарды Оштың вице-мэрі Нұрбек Қадыров, қала әкімшілігінің әлеуметтік даму бөлімінің, Сыртқы байланыстар агенттігінің қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері қарсы алды. 

Мерейтойға жиналғандар арасында «ТҮРКСОЙ» ұйымының Қырғызстандағы өкілі Қожагелді Күлтегін, Түркия, Әзербайжан, Македония, Өзбекстан, Қазақстан, Якутия, Башқұртстан, Қырғызстан ақындары бар. Ойшылдың мерейтойына арналған поэзия кеші Оштың Қырғыз-Өзбек университетінде болады. Шара аясында түркі елдерінің ақындар айтысы өтпек.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...