Астанада 200-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді

Фото: Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1651

Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу әрі кәмелетке толмағандардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Полицейлер аудандық әкімдіктер, білім басқармасы мен Астана әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар әрі гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнде заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталады, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала есепке алынды. Жедел іс-шара барысында 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факт бар, – деп қосты ведомство.

Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелері иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жазаланды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде, оның ішінде ойын-сауық мекемелерінде болуына әрі жүруіне тыйым салынады. Рейдтік іс-шаралар қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын дамыту және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мақсатында жүргізіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...