Түркістан облысында білім саласындағылар қаржы жымқырды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2515

Түркістан облысында білім саласының қызметкерлері 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мәліметтерге сүйенсек, күдіктілер салада жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына заңсыз жалақы аударып отырған.

333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залал қайтарылды. Бұдан басқа айыпталушылардың қылмыстық жолмен алған 649,7 млн теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды.