Түркістан облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
623

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында әйел адам күйеуінен зорлық-зомбылық көрген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға кезінде ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып-соққан. Бұл туралы жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Туысының айтуынша, ер адам әйелінің атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Бұдан бөлек, әйеліне күш көрсетіп, оны өлтіремін деп қорқытып келген. Жәбірленушінің жақындары оның мұндай әрекетке бірнеше рет тап болғанын айтып отыр.

Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...