Руслан Өтепбай жазықсыз жала жабылған малшыға қатысты тың дерек айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
316

Журналист Руслан Өтепбай жазықсыз жала жабылған малшының ісін зерттемек, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Саналы ғұмырын мал бағуға арнаған Рахат Сәрсеновтің ісі бойынша Ақтөбеге аттандым. 33 жыл бойы жылқы баққан 60 жастағы азамат 100 жылқы ұрлады деген айыппен 7 жылға сотталған. Алайда апелляциялық сот істі қайта қарап, оны сот залынан босатты. Бұл істе жауапсыз сұрақ өте көп.

- 100 жылқы туралы айып қалай тағылды?

- Алғашқы сот қандай дәлелдерге сүйеніп Рахат Сәрсеновті 7 жылға бас бостандығынан айырды?

- Заң талаптары толық сақталды ма?

- Апелляциялық соттың үкімі күшіне енді ме? “, - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық соты 60 жастағы жылқышы Рахат Сәрсеновке қатысты шығарылған үкімді қайта қарап, оны сот залынан босатты.

Бұған дейін ол қожалық иесінің арызынан кейін 100 жылқыны жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мойнына шамамен 30 миллион теңге шығын ілінген болатын. Алайда апелляциялық сотта ұсынылған қосымша дәлелдер нәтижесінде бір ғана жылқының жоғалғаны анықталды.

Апелляциялық сот отырысы эмоцияға толы өтті. Өмірінің 33 жылын жылқы бағуға арнаған Рахат Сәрсенов үкім өзгергеннен кейін сот залынан бостандыққа шықты. Денсаулығы сыр берген азамат сот барысында сөйлей алмай, көз жасына ерік берді. Оның инсульттен кейін бір қолы мен бір аяғы толық жұмыс істемей қалған, сөйлеуі де қиындаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...