Түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы қайтыс болды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
909

Танымал түркітанушы, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген.  

1967-1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы (Санкт-Петербург) Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. Еңбек жолын Баян-Өлгий аймағында ұстаздықпен бастаған, Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1991 жылы  Моңғолия Халық Ұлы Құралы (ХҰҚ парламенті) депутаты, Баян-Өлгий аймақтық мәслихат төрағасы, Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры болып қызмет атқарған. 2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Тарих ғылымының кандидаты, профессор, түрколог, филология ғылымдарының докторы. Әдебиет саласында да зор еңбек еткен тұлға. Ол «Қош бол, апа!», «Аялдамалар» (1983), «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты прозалық кітаптардың, және 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...