Түркістанда 12 жастағы қызды азғырмақ болған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Түркістанда «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 12 жастағы қыздың атынан әлеуметтік желіде аккаунт ашып, балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты эксперимент жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Белсенділердің мәліметінше, аккаунтқа «Түркістан» деген лақап атпен отырған ер адам хабарласқан. Біраз уақыттан кейін олардың әңгімесі жыныстық сипатқа ауысып, ер адам қызбен жеке кездесуге ұсыныс жасаған.

Белсенділер ер адам белгіленген кездесуге келген кезде оны анықтаған. Олар әңгіме скриншоттары мен өзге де материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырған.

Қазір аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...