Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлап, бопсалаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2272

33 жастағы ер адам кәмелетке толмаған мектеп оқушысын зорлап, артынша бопсалаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға Түркістан қаласында болған. Түркістан облысы полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жергілікті тұрғынның кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайд», - делінген хабарламада.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...