Алматыда бір көлік бес жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
568

Жол апаты бүгін таңертең Алматының Медеу ауданындағы Зенков көшесінде болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Audi көлігінің жүргізушісі Зенков көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолда тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жол жиегінде тұрған Toyota автокөлігіне соқтығысқан. Соққының әсерінен Audi жанында тұрған Subaru көлігін де зақымдаған.

Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.

Қазір апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...