Түркістанда мектеп оқушысы жас жігітті өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
572

Түркістан облысындағы Ленгір қаласында қараусыз қалған ғимараттан 21 жастағы жігіттің пышақ жарақаты бар мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Almaty.tv арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, тоғызыншы сынып оқушысы қазірдің өзінде қолға түскен. Жастардың арасында нақты не болғаны және қайғылы жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...