Премьер-Министрдің орынбасары олқылықтар бар екенін мойындайды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
590

Биыл еліміздің өңірлерінде алғашқы медициналық көмек көрсететін 321 нысан салынып жатыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

«Ұлт денсаулығы — өте өзекті мәселе. Сондықтан бұл мәселе еш уақытта Үкіметтің күнтәртібінен түскен емес. Әрине, медициналық көмектің сапасы, қолжетімділігі, оның азаматтардың көңілінен шығуына қатысты олқылықтар бар. Оны мойындаймыз. Бірақ, Мемлекет басшысының тапсырмалары аясына Үкімет қазір бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Оның бірі өздеріңізге белгілі, өткен жылдан бастап ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін ұлттық жоба басталды. Өткен жылы 92 нысан салсақ, бүгінгі таңда 321 нысанның құрылысы басталып кетті», — деді ол. 

Оның атап өтуінше, алдағы екі жылдың ішінде 655 нысан ауылдағы азаматтардың игілігіне беріледі. 

«Бұл — тек қана алғашқы медициналық қызмет көрсететін  ғана емес, заманауи нысандар деп айтсақ та болады. Онда тек нысанның өзі ғана емес, қажетті құрылғылар да қарастырылып отыр», — деді вице-премьер.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...