Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
681

Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...