Түрмеде отырған әйел адам қатерлі ісіктен емделіп шықты

Фото: forum.daily

Жаңалықтар
578

Абай облысында түрмеде отырған әйел адам аты жаман ауруды жеңіп шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Павлодар қаласының 45 жастағы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, сотталған. Алайда есепте тұрғанда пробациялық бақылаудан жалтарып, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін оның жаза мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.

2023 жылдың шілдесінде Абай облысының әйелдер колониясына жазасын өтеу үшін келді. Медициналық қызметкерлердің жоспарлы тексеруі кезінде мамандар сотталған әйелден сүт безі қатерлі ісігінің бар болуы мүмкін деп күдіктенді. Диагнозды растау үшін медицина қызметкерлері толық тексеруді бастады. Әйелдің диагнозы расталып, сол жылдың қазан айында Семей қаласының онкологиялық ауруханасында ота жасалды.

«Отадан кейінгі кезеңде сотталған әйел химиотерапия мен сәулелік терапия алды. Тексерулер мен талдаулар үшін денсаулық сақтау ұйымдарына бірнеше рет шығарылды. Сонымен қатар жазасын өтеуші әйелмен колония психологтары жұмыс істеді. Ол үлкен сынақ жолынан өтті, онымен бірге біз де, жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерде оған алаңдадық. Қазіргі уақытта бәрі артта қалды. Ол сау адамдай босатылып шықты. Біз енді оның ешқашан заңды бұзбайтынына сеніп, үміттенеміз», - деді мекеме бастығы.

«Мен мекеме әкімшілігіне, қамқорлығы мен көмегі үшін өте қатты ризамын. Қазір менің жағдайым әлдеқайда жақсы. Бұл ауруды жеңіп шықтым және менің ойымша,алдағы уақытта бәрі жақсы болады. Мені үйде 12 және 10 жастағы екі ұлым күтіп отыр. Енді осы қиындықтарды жеңе отырып, бізде мүлдем басқа өмір болатынына сенімдімін. Менің түсінгенім, бастысы – өмір сүруге деген ұмтылыс», - деп сотталған адам ойымен бөлісті.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...