Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ол қаланың...
Тұрсынбек Қабатовтың атышулы екінші әйелінің суреті тарап, кім екені белгілі болды
Фото: әлеуметтік желі
Threads әлеуметтік желісінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың заңды некедегі әйелінің суреттері таралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz POLITICO.KZ сайтына сілтеп.
Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің суреттері таралды. Көпшілік ол қыздың Қабатовтан екі ұл туғанын жарыса жазуда.
"Астыңдағы атың адал болса бір бақыт, Алған жарың жақсы болса мың бақыт. Ол мен", - деп жазған Қабатовтың екінші әйелі.
Айта кетейік, қазақстандық танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты ашып айтты. Өнер иесі журналист Жанар Байсемізге берген сұқбатында алғаш рет 21 жыл отасқан жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткенін растады.
Мөлдір Мұқанова отбасындағы келеңсіз жағдай туралы сыр шертіп, Қабатовпен екі жаққа кеткенін жеткізді.
"Мен отбасымда болып жатқан жағдайды сыртқа шығармайтын адаммын. Жақындарыма да тіс жармайтынмын. Бұлай шығып, айтам деп те ойламағанмын. Бірақ халық арасында үлкен шу болып кетті. Тұрсынбек ер азамат ретінде ел алдына шығып, осы жағдайды түсіндіретін адам еді. "Кесірі бала-шағама тиіп жатыр, неше жыл отасқан жұбайыма ауыр сөйлеп жатырсыздар. Мөлдірге тиіспеңіздерші" деген бірауыз сөз күттім. Себебі отбасымыздың екі жаққа кетуіне бірінші себепкер өзі болып тұр. Біздің заңды некеміз бұзылды. Өкінішке қарай, екеуміз екі жаққа кеттік", - деді Мұқанова.