Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1506

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар жолдады. Олардың айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында болған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Mercedes көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен тасжолында рөлге ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Жол апатының салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі екенін еске салды.

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Иран "өте күшті соққы алатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары соңғы жылдарда айтарлықтай күшейтілді, де...