Тұзды көлге түсемін деп павлодарлық тұрғын мерт болды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
683

Павлодарда ер адам тұзды көлге түсемін деп өкпесі ісініп, мерт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 21 маусымда болған қайғылы оқиғаны растады.

66 жастағы ер адам Шарбақты ауданындағы тұзды көлдің жағасында демалып жатқанда өкпесі ісініп, үшінші дәрежелі комаға түсті.

Жергілікті медицина қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете бастады. Содан кейін оны жедел жәрдем бригадаларына тапсырды, олар оны аудандық ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, науқас жедел жәрдем бөлімінде қайтыс болды, – делінген хабарламада.