Әнші Қайрат Нұртасқа концерттердің бірінде тілегін айтпақ болған қария оны шошытып алды, деп хабарла...
«Кімнің еңбегін бағаламай қойдым?»: Ерке Есмахан өзіне өкпесін айтқан дизайнерге жауап берді
коллаж MadeniPortal.kz
Танымал әнші Ерке Есмахан «Наз» әнінің бейнебаянына қатысты сын айтқан дизайнер Ханым Айдашқа жауап берді. Өнер иесі дизайнер сөз еткен көйлекті өзі кимегенін айтып, мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Бұған дейін Ханым Айдаш бейнебаянда пайдаланылған образдың авторы ретінде есімі аталмағанына реніш білдірген еді. Әнші Instagram парақшасында дизайнердің сұхбатын тыңдағанын және оның қандай көйлек туралы айтып тұрғанын бірден түсінбегенін жеткізді.
«Қандай идеямен қандай көйлек киіп едім? Қай жерде рақмет айтпай қалдым? Кімнің еңбегін бағаламай қойдым деп. Сөйтсем, дизайнер ханым бейнебаяндағы Мадина апамның сонау жылдары киген көйлегі мен шляпасының авторы екен. Менің орындауымдағы «Наз» әніне айтылатын сын әлі күнге дейін таусылар емес. Әніне, сөзіне, орындалуына, бейнебаянына, енді, міне, тіпті көйлекке де тиісуде», – деді Ерке Есмахан.
Өнер иесі «Наз» әнін бала кезінен орындап келе жатқанын, ал бейнебаянды Мәдина Ералиеваның шығармашылығына деген құрметінің белгісі ретінде түсіргенін атап өтті.
«Бұл – менің Мадина апамызға және қазақ өнеріне деген құрметім. Бірақ Ерке Есмахан деген аттың эффектісі қаттырақ болып тұр. Енді дизайнер ханымға: «Көйлегіңізді қайта тіктіріп, киіп тұрған Ерке Есмахан емес, ол Мадина апамыздың архивтен алынған бейнесі» деп түсіндіретін жанынан бір жақсы адам табылса, нұр үстіне нұр болар еді», – деді әнші.