Ақтөбе облысында атасы мен немересі опат болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
856

Ақтөбе облысында қайғылы оқиға болып, атасы мен немересі суға кетіп қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Бестамақ ауылындағы Елек өзенінде болған. Куәгерлер судан 61 жастағы ер адамның және 17 жастағы жасөспірімнің мәйітін алып шыққан

Полицияның мәліметінше, бозбала өзеннің таяз тұсымен өтпек болған кезде су астындағы терең шұңқырға түсіп кеткен. Аталған аумақта «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгісі орнатылған.

Немересінің суға батып бара жатқанын көрген 61 жастағы атасы оны құтқару үшін бірден суға секірген. Алайда екеуі де ағыс пен тереңдіктен шыға алмай, қайғылы жағдайда көз жұмған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Құтқарушылар тұрғындарды арнайы белгі қойылған, шомылуға тыйым салынған жерлерге түспеуге және балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...