Еріген қар суына түскен: Мал бағып жүрген 14 жастағы бала көз жұмды

Фото: Ернар Алмабек

ЖАҢАЛЫҚТАР
548

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға болып, 14 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім інісімен бірге мал бағып жүрген. Сол кезде еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған.

Өкінішке қарай, бала судан өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар оның денесін судан алып шықты.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және белгісіз су айдындарына шомылуға жол бермеуге шақырады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...