Бұрындық бастаған қазақ әскері Сығанақ пен Аркөкті бағындырып Шайбаниді Маңғыстауға қуып жіберген жы...
Болат Назарбаевтың бұрынғы серіктестеріне іздеу жарияланды
Фото: Paryz.kz
«Алтын Орда» базарының экс- басшыларына халықаралық іздеу қайта жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ішкі істер министрлігі Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке халықаралық іздеу жариялады.
Аталған екі тұлғаның аты-жөні мен суреті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы «қылмыскерлерді іздестіру» бөлімінде тұр.
Екі жыл бұрын Алматы облысының полиция департаменті Данияр Әбдіғапаров пен Қанат Алмабекке, тағы Жұмадин Патов пен Айдос Нұрқалиевке халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Shishkin like Telegram-арнасының мәліметінше, ол жерде Қанат Алмабектің тегі Жақаев деп көрсетілген. Төртеуі де аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Прокурорлар күдіктілердің бұрынғы «Алтын Орда» басшылығының мүшелері болғанын және оларды іздестіру базар сатушыларының шағымымен байланысты екенін атап өтті. Сатушылар павильоннан сауда орындарын алу үшін бұрынғы әкімшілікке қомақты қаражат төлегендерін айтады. Алайда ғимарат соңына дейін аяқталмай, адамдар орынсыз және ақшасыз қалған.