«Өзіме де осы керек!»: Еркебұлан Тоқтарға айыппұл салынды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

Ақтөбеде полиция қызметкерлері актер әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтарға көлік тізгінінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актер тәртіп сақшыларының әрекетіне түсіністікпен қарап, айыппұлға еш қарсылық білдірмеді. Керісінше, әзілдеп: «Осы керек! Өкіметке де беріп тұрайық!» деп күлді.

Оқиға кезінде қасындағы серігі Еркебұлан Тоқтардың өңірге қонақ болып келгенін айтып, полициядан ескертумен ғана шектелуді сұрағандай болды. Алайда актер мұндай ұсынысқа бірден қарсы шықты.

«Керек емес. Бұл аяқтан шалу емес. Бұл – заң. Қайта бұған қуанып тұрмын. Көрді де, бірден келді. Хаттамасын жазып жатыр. Бұл – заңның бәріне бірдей жұмыс істейтінінің белгісі. Кім болсаң да, заң алдында бәрі тең. Полиция өз жұмысын атқарып жатыр. Мен өзім ойланбай қалыппын», – деді Еркебұлан Тоқтар.

Хаттама рәсімделгеннен кейін актер полиция қызметкерлерімен қол алысып, бірге суретке түсіп, ризашылығын білдіріп қоштасты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші аруға үйлену туралы ұсыныс жасағанын әлеуметтік желід...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлының қорлығына шыдамай бауырана қашып барған қарияның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайд...