Үкіметтің су тасқыны жағдайын тұрақтандыру жөніндегі шаралары Президентке баяндалды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2043

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты елдегі су тасқыны жағдайы мен ахуалды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы үнемі хабардар етіп отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды. 

Президент тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов бүгін Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарына барды. Сондай-ақ өңірлік штаб жетекшілерінің қатысуымен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қостанай облысына жіберілді. Міндет - су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жұмыстарды үйлестіру.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...