Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1035

Қарағандыда жолдан өтпек болған әйелдің үстіне жарық бағаны құлап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай Қарағандының 22-ші шағын ауданында болған.

"59 жастағы әйел жолдан кесіп өтпек болғанда, күтпеген жерден жарық бағаны құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Қарағандының 59 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша (104-баптың 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар жасалып жатыр, – дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.