Ұлдана Мырзуан ісі: Сотта үйдің қазіргі жағдайына қатысты тың дерек айтылды

жоғары сот трансляциясынан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
241

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қайғылы жағдай болған үйдің тұрғыны куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Валерия Самсонова Тәуелсіздік көшесіндегі аталған үйде 2005 жылдан бері тұратынын айтты. Оның сөзінше, тұрғын үйдің жағдайына қатысты мәселелер бұған дейін де болған. Соның ішінде шатырдан су ағуына байланысты дау туындаған.

«Үйдің сыртқы қасбеті құлағаннан кейін әкімдік көмектесіп, демонтаж және бекіту жұмыстарын жүргізді. Алайда осыдан екі апта бұрын дәліздегі қабырғаларда қайтадан жарықтар пайда болды. Әсіресе тоғызыншы қабатта анық байқалады. Алдағы уақытта не болар екен деп қорқамыз», – деді куәгер сотта.

Оның айтуынша, тұрғын үйдің сол жақ қасбетінің жағдайы тұрғындарды әлі де алаңдатып отыр. Оның үстіне ғимараттың дәл сол жағында балалар алаңы орналасқан.

«Егер қасбет тағы құласа, қайғылы жағдай қайталана ма деп қорқамыз. Қабырғалардағы жарықтар ұлғайып келеді», – деді тұрғын.

Еске салайық, фельдшер Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетуге барған сәтте оған көпқабатты үйдің сыртқы қасбетіндегі кондиционер блогы құлаған. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, 18 қарашада жас фельдшер ауруханада көз жұмды.

Кейін Ұлдана Мырзуан қызметтік борышын үлгілі атқарғаны және қиын жағдайда көрсеткен ерлігі үшін қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...