70 жастағы әже 30 келілік қошқарды 40 рет көтеріп таңқалдырды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
300

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы апа отыз келілік қошқарды бірнеше рет көтеріп, көпті таңғалдырды MadeniPortal.kz.

Қатысушылар арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, қошқар бейнесіндегі 30 келілік макетті көтеру, белбеу күресі және асық атудан өзара сынға түсті.

Фестиваль қонақтары 30 келілік қошқар макетімен отырып-тұру сайысына ерекше көңіл бөлді. Бұл оңай сынақ болған жоқ. Қатысушылар үшін жас кедергі болмаған. Сайыстың басты жұлдызы 70 жастағы апа болды. Ол салмағы 30 келі болатын макетті 40 рет көтеріп, көрермендерді де, басқа қатысушыларды да таңғалдырды.

Ерлер арасында да ерекше нәтижелер тіркелді. Қатысушылардың бірі қошқар макетімен 1 070 рет, тағы бірі 1 010 рет отырып-тұрған. Бұл көрсеткіштер фестивальдің спорттық бағдарламасындағы ең көп талқыланған сәттердің біріне айналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың негізгі мақсаты жеңімпазды анықтау емес. Қонақтарды көшпенділердің дәстүрлі ойындарымен таныстырып, олардың бүгінгі өмірде де маңызы бар екенін көрсету болған. Сондықтан жарыстарда кәсіби спорттағыдай қатаң бәсеке болмаған. Мұнда ең маңыздысы — қатысу, эмоция және өз күшіңді сынап көру.

 

PESTEL

Лос-Анджелесте 78-ші "Эмми" сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Кештің басты триумфаторы Apple TV+ ұсынғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторын құру мәселесі әзірге тек талқылау және талдау деңгейін...