Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты іс прокурорға қайта жолданды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
31

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды. Бұл іс бойынша айыпталушы ретінде мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы Сәуле Жұбаниязова танылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Соттың мәліметінше, істі құрылыс салушыға және басқа да тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іспен біріктіру мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Қасбеттің опырылуына бір ғана жағдай емес, бірнеше фактор әсер етуі ықтимал. Сот атап өткендей, олардың қатарында ғимарат құрылысы кезінде жіберілген кемшіліктер мен құрылыс технологиясының сақталмауы да бар.

Жоғарғы сот істің прокурорға қайтарылуы қандай да бір тұлғаның кінәлі екенін білдірмейтінін түсіндірді. Қылмыстық іс тоқтатылған жоқ, тергеу әрі қарай жалғасады.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Сәуле Жұбаниязованы кінәлі деп танып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Сондай-ақ прокурор Жұбаниязоваға үш жыл бойы МИБ басқаруға тыйым салуды ұсынған.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үйдің қасбетінің бір бөлігі опырылған кезде зардап шеккен. Фельдшер оқиға орнына көмек көрсету үшін барған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбедегі жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 1...