Жанабыловтар сотта татуласты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
44

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты отбасылық жанжалға байланысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 30 қыркүйекте ерлі-зайыптылардың үйінде болған. Жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция мән-жайды тексеруге кіріскен. Астана полициясы әлеуметтік желідегі бейнеүндеуді анықтап, оқиға орнына қызметкерлер жіберген. Тексеру нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық жанжал болғаны анықталып, Ерболат Жанәбіловке қатысты әкімшілік материал толтырылған.

Бұған дейін Эльмира Төлегенова әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі жағдайды көрсеткен видео жариялаған. Ол киім бөлмесіне кіріп, есікті ішінен жауып алғанын және жұбайы телефонын алып қоюға тырысқанын айтқан. Кейін Төлегенова оқиға кезінде өзіне қол көтерілмегенін нақтылады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ажырасу процесінде жүргенін мәлімдеген.

Әкімшілік істі қарау барысында Ерболат Жанәбілов кінәсін толық мойындап, болған жағдайға өкінетінін жеткізді.

Сотта тараптар өзара татуласқаны белгілі болды. Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова татуласу туралы жазбаша келісім ұсынып, бір-біріне қатысты талаптары жоқ екенін білдірді. Осыған байланысты сот блогерге қатысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты.

Айта кетейік, бұл іс Жанәбілов пен Төлегеноваға қатысты бұған дейін қаралған онлайн-курс пен ұтысқа байланысты қылмыстық істен бөлек. 2026 жылғы 27 сәуірде Астана соты сол іс бойынша Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шығарған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбедегі жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 1...