Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмазқызы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта бірге...
Қазақстан мен Черногория президенттері келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
“Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді”, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал Яков Милатович бұл сапар – Черногория Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары екенін айтты.