Ұлттық ұлан қатарында 30-дан астам ұлт өкілі қызмет етеді

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңалықтар
150

Құқықтық тәртіп әскері қатарында жауынгерлік қызмет атқаратын өзге ұлт өкілдері жиі кездеседі. Көш басын орыс, өзбек және татар ұлтының өкілдері бастап тұрса, тізімді эстон, грек, камчадал секілді этнос өкілдері түйіндейді, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Былтырғы желтоқсан айының өзінде Павлодар қаласында орналасқан 5512 әскери бөліміне келіп қосылған сарбаздардың арасында кәріс, иран, әзербайжан, ұйғыр және күрд халқының өкілдері болды. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Сондықтан өзге ұлт өкілі болса да елімізде тұрған соң қолдарына қару алып, Отан қорғауға келіп отыр.

Мысалы, аталған әскери бөлімнің 5 оқу взводы 1 бөлімшесінің сарбаз атқышы қатардағы Алексей Хан Қызылорда қаласында өмірге келген. Мектеп бітіргеннен кейін ол Қытай Халық Респбуликасының Nanchang университетінде компютерлік бағдарламашы мамандығы бойынша білім алған. Әлемнің бірнеше елін аралаған ол Оңтүстік Кореяда бір жылға жуық жұмыс істеп, Астана қаласына оралған кезде әскерге шақырылған.

 
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
– 2024 жылдың желтоқсан айында Ұлттық ұлан сапына алындым. Әзірге жауынгерлік оқу курсынан өтіп жатырмыз. Мұнда бізді әскери тәртіпке баулып, саптық жүріске үйретті. Жақын күндері әскери ант қабылдаймыз, - деді Алексей Владиславович.
Әскерге қосылғанына көп болмаса да жас жауынгер қызметтің қыр-сырын үйренуге барын салып жүр. Азғантай уақыттың ішінде қаруластарымен етене араласып, бір үйдің балаларындай болып алған. Әскери бөлімдегі жауынгерлік бауырмалдықтың ерекше екенін оның қаруласы Рахим Ширалиев те растап отыр. 18 жастағы ирандық Рахим Жамалович Шымкент қаласының тумасы. Алайда ол Өскемен қаласында ер жеткен. Ол да әскер қатарына жақында қосылған. 


Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
– Шығыс Қазақстан облысының орталығында отбасымызбен құрылыспен шұғылданамыз. Мектептен кейін колледжде құрылысшы мамандығын алып шыққанмын. Ал қазір Отан алдындағы борышымды өтеп жүрмін. Командирлеріміз біздерге қамқорлық танытып, әскери салаға үйретуде. Өз басым, Ұлттық ұлан әскеріне келгенім үшін қуаныштымын, - деді қатардағы Рахим Ширалиев.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы 22 сәуірдегі есебі бойынша қазақстанда 90-нан астам этнос өкілдері мекендейді. Ал бүгінде олардың 30-ға жуығы Ұлттық ұлан әскері қатарында қызмет атқарып жүр. 

Жаңалықтар

Иракта жеке статус туралы заңға енгізілген өзгерістерге сыни пікір көбейді. Сынаушылар заңға енген т...

Жаңалықтар

Баян Алагөзова Ерболат Беделханмен бірге жаңа қыздар тобына кастинг жариялады, деп хабарлайды m...