Айгүл Иманбаева 40 жылдан кейін әкесімен қалай табысқанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
509

Танымал әнші Айгүл Иманбаева бала күнінде ажырасқан ата-анасымен арадағы қарым-қатынасы жайында айтып берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның 4-5 жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Алайда арада 40 жыл өткеннен кейін әнші әкесімен қайта қауышқан. Ол әлеуметтік желіде сол кездегі батыл қадамы жайында баяндады.

"Менің өмірім сіздердің көз алдарыңызда өтіп жатыр. 4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті. Мұны "артық драма" дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым. Сол сәтте ғана екі қанатым түгенделіп, жүрегім толыққандай күй кештім. Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы. Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз. Себебі шынайы кешірім, адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды", – деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...