13 жастағы қызды зорлап, сотталған: Ақтөбеде ер адам кішкентай қыздарға әлі де тиісіп жүр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1583

Кәмелетке толмаған қыздарға тиісіп жүрген ер адамның ісі сотқа жетпей жатыр. Бұл туралы «НеМолчи» қоры жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта 39 жастағы ер адам мектепке кетіп бара жатқан 11 жастағы қыздың білегінен шап беріп ұстап, етегін көтерген. Қыз айғайлап жіберген кезде, ол қашып кеткен. Қыз бала дереу әкесіне хабарласып, ата-анасы полицияға шағымданған.

Ер адам полицияға қыздың кеудесінен ұстағанын айтқан, кейін сөзінен айнып қалған. Қыздың ата-анасы анықтағандай, күдікті бұрын 13 жастағы қызды зорлап, істі болып, Ақтөбедегі түрмеде отырып шыққан. Кейін үйленіп, бала-шағалы болады. Бірақ бұрынғы әдетіне басып автобуста кішкентай қызға тиіскен. Ол кезде жауапкершілікке тартылмаған, тек ауруханаға жатқызылған.

«Мінекей 2014 жылы ол тағы да қорғансыз жас қыздың мектепке жалғыз кетіп бара жатқанын пайдаланып, қылмысын қайталап отыр. Ақтөбе полициясы «қылмыс құрамы жоқ, себебі ол еркіне тәуелді емес жағдайлар бойынша әрекеттерін соңына дейін жеткізбеген» деген фактімен тергеуді тоқтатып отыр. Ақтөбенің прокуроры Б.Д. Қадырғали сотқа дейінгі тергеуді тоқтатуға қол қойып берді», - деп жазды қордың парақшасы.

«НеМолчи» қоры бұл іске Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның, Бас Прокуратураның араласуын сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...