Ұлытау облысының тұрғындары жаңа мамандықтарды игеруде

Жаңалықтар
1185

Ұлытау облысының тұрғындары «Самрук-Қазына» қорының әлеуметтік жобасының арқасында жаңа мамандықтарды игеруде. «Табысты отбасы» жобасының екінші ағынының 26 түлегінің әрқайсысы 150 АЕК (ноутбуктер, тігін машиналары, кушеткалар және т.б.) сомасына жабдықтар жиынтығы түрінде грант алды.

Бұл әлеуметтік жоба көп балалы аналарға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелеріне, аз қамтылған отбасыларға және жастар өкілдеріне өз ісін тікелей үйде бастауға мүмкіндік берді.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы, «Самрук-Қазына» АҚ өңірлік еншілес ұйымдарының, «Samruk-Kazyna Trust» қамқоршылық кеңесінің және атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ жоба жетекшілері қатысты.

«Әр отбасының әл-ауқаты, материалдық тұрақтылығы – бұл бүкіл облыстың әлеуметтік әл-ауқаты. Егер әркім өзінің сүйікті ісімен айналысатын болса, онда халық арасында жұмыссыздық азаяды деп үміттенеміз. Баршаңызға денсаулық пен өркендеу тілеймін», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Ұлытау облысында «Табысты отбасы» жобасын іске асыру басталғаннан бері «ЅММ», «Кондитерлік ісі», «Тігін ісі», «Автоэлектрик» және «Сұлулық индустриясы» мамандықтары бойынша 40 тұрғын білім алды.

Мәдениет порталы

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...