«Шымкент әкімі Берденовты атуға тапсырыс берген»: Ернар Жиембай сотта тосын мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1297

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасамақ болды деген айыппен сот алдында отырған Ернар Жиембай тағы бір тосын мәлімдеме жасады деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ertenmedia сайтына сілтеп.

Жиембайдың айтуынша, оған әлдекімдер шығып, осы оқиғаға жоғары лауазымды шендінің (қала әкімі Ғабит Сыздықбеков) қатысы бар деген жалған айғақ беруін өтінген.

"Ең қызығы, менен осы істі Сыздықбековтың бұйрығымен жасадым деп көрсетуді сұрады. Әкім өзінің орынбасарын "тапсырыс" беріп өлтіртпек болды деген жалған нұсқаны айтқызғысы келді. Сөйтіп мені әлдебір киллер ретінде көрсетуге талпынды. Оның өтеуі ретінде түрмеде ұзақ аялдамасымды айтып, "Берденов сені о дүниеден де алып шығады" деді", – деген Жиембай ойын аяқтап үлгермеді.

Айыпталушының сөзін жол ортадан киліккен прокурор бөліп жіберді.

"Құрметті төраға, Жиембай іске қатысы жоқ қай-жайдағы нәрсені қаузап кетті. Егер басқа уәжі жоқ болса, сұрақ-жауап бөліміне көшуді сұраймын", – деп өтініш айтты прокурор сот төрағасына.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...