Ұлытауда ағылшынша еркін сөйлеген полицей желіні жарды

Видеодан кадр: instagram.com/policeofulytau/

ЖАҢАЛЫҚТАР
319

Ұлытаулық полицей ағылшын тіліндегі білімімен жұртты таңдандырды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Ұлытау облысында ағылшын тілінде еркін сөйлейтін полиция инспекторының әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының жылы ықыласына ие болды. Полиция капитаны шетелдік туристерге ағылшын тілінде туған өлкенің табиғатын таныстырып, көпшіліктің құрметіне бөленген.

Желіде жарияланған видеодан полицейдің шетел азаматтарына Ұлытаудың көрікті жерлерін таныстырып, ағылшын тілінде еркін тілдесіп жатқанын көруге болады.

"Бұл жерді біз Тасбұлақ деп атаймыз. Мұндағы су өте мөлдір әрі таза. Жезқазған мен Сәтпаев қалаларынан да адамдар осы суды алуға келеді. Ол минералдарға бай", – дейді видеода полиция қызметкері.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы азамат – Ұлытау ауданындағы учаскелік полиция инспекторы, капитан Дулат Әбдікәрімов.

Интернет қолданушылары Дулаттың біліміне тәнті болып, түрлі мақтау пікірлер қалдырған: "Өзі аудармашы ма? Жарайсың!", "Нағыз офицер", "Шетелден қонақ келсе, саған жібереміз", – деп жарыса жазды.

Бұдан бөлек, пікір білдірушілердің бірі капитан Әбдікәрімовтың бұрын шет тілінен сабақ бергенін де атап өткен: "Бұл азамат Сәтпаев қаласындағы №27 қазақ орта мектебінде ағылшын тілінен мұғалім болған. Қазір оның шәкірттері аудармашы болып еңбек етіп жүр", – делінген пікірде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавл қаласында екі ер адам 19 жастағы қызды зорлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Оқиға 19 с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып алу оңай бо...