Жас кәсіпкерге мол мүмкіншілік бар

Жаңалықтар
1616

Талдықорғанда «Бизнес және жастар 4К» атты облыстық фестиваль өтті. Аталмыш шараға аймақтардан 200-ге жуық жас кәсіпкер және жастармен жұмыс істейтін ұйымдардың өкілдері қатысты, — деп хабарлайды "Мәдениет порталы" taldykorgan-online.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен болған форумның негізгі мақсаты – өңірдегі жастардың бизнеске деген құлшыныстарын арттыра отырып, кәсіпкерлікті жандандыру, StarUp жобаларға тың серпіліс беру, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу.

Форумның пленарлық отырысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев сөз алып, жастардың бастамсына сәттілік тіледі.

«Елбасы 2019 жылды – жастар жылы деп жариялағаны баршаңызға мәлім. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас кәсіпкер» бағдарламасын қолға алғандығын айтып, жастардың StarUp жобаларын жүзеге асыруға мемлекет тарапынан жағдай жасалатынын мәлімдеді. Бұл дегеніміз – жастарға жасалып отырған үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда Алматы облысындағы жастардың саны – 418 219 болса, оның ішіндегі 319 268-і ауылдық жерде тұрады. Сатистика бойынша соның 26 пайызы ғана жас кәсіпкер. Бұл өте аз көрсеткіш. Сондықтан да осы бағытта жұмыс жасап, жастарың тың идеяларын жүзеге асыруға күш салуымыз қажет», — деді А.Әбдуәлиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «4К» жобасы – критикалық ойлау, коммуникация, коллаборация және креативті ойлау дегенді білдіреді. Белсенді жастар осы төрт жүйе бойынша білікті кәсіпкерлерден сабақ алды. Жалпы, форумда жүргізілген секциялық жұмыс барысында бизнесмендер жас кәсіпкерлердің сауаттылығын арттыру, бизнес жоспар дайындау, өз кісібінің әлеуетін арттыру және кәсіпкерлердің дамуына кедергі болатын мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастырды.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас:

— ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға 10 бағытты айқындап беріп, оның ішінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігін айтқан болатын. Осыған орай облысымыздың белсенді жастарының басын қосып, арнайы форум өткізіп отырмыз. Оларға мемлекет тарапынан жасалатын тиісті көмектерді түсіндіруге тырысамыз.


Данияр Сағындық



Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...