Ұлытауда азаматтық некелегі әйелін өлтірген ер адам туралы адам шошырлық дерек шықты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
171

Ұлытау облысында 33 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелін 20 рет пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұм әйелдің артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Жәйрем кентінде болған. Марқұмның жасы 42-де. Артында төрт баласы қалды. Өзінің дүкені бар әрі бірнеше пәтерін жалға береді екен. Күйеуімен ажырасқан ол өзінен тоғыз жас кіші жігітпен көңіл жарастырған. Марқұмның туыстары күйеу бала азаматтық некедегі әйеліне де, балаларға да қол жұмсай бастағанын айтып отыр. Жұмыс істемеген.

"Бірнеше рет полицияға ұстатып жіберсе де, шығып келіп кешірім сұраған. Соңғы жанжалдан соң, марқұм оны үйден біржола қуып жіберген. Бірақ араққа сылқия тойып келген жігіт әйелді өз дүкенінде қанжоса етіп пышақтап тастаған", - дейді телеарна тілшілері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жәйрем кентінде орын алған адам өлтіру фактісі бойынша  полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Себебі қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуді полиция департаментінің басшылығы қатаң бақылап отыр", - дейді Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада сот шешімімен тәркіленген Перизат Қайраттың элиталы тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлері қала...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам отбасын құру ниетімен 4-5 ай бойы келіншекпен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды M...