Елордадағы ең сұлу қыз анықталды

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
3400

Астанада кеше 18 қазан "Мисс Астана - 2024" байқауының финалы өтіп, елордадағы ең сұлу қыз анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Биыл "Мисс Астана" сұлулық байқауының гранд-финалы Astana Music Hall сахнасында өтті. Ең сұлу арудың тәжі үшін 14 ару бақ сынасты.

Бірінші орынды Қазақ ұлттық хореография академиясының түлегі, 19 жастағы Ясмин Байболова жеңіп алды. Жеңімпаз тәж және 500 мың теңге сыйақыға ие болды. Байқау серіктестері одан бөлек, жеңімпаз аруға 1,5 миллион теңгеге тон сатып алуға сертификат, сондай-ақ сұлулық клиникасына 500 мың теңгелік сертификат және басқа да сыйлықтар табыстады.

Енді Байболова Алматы қаласында өтетін ұлттық "Мисс Қазақстан" сұлулық байқауында елорданы таныстырады. Айта кетейік, байқау "The Art of Being a Woman" ("Әйел болу өнері") ұранымен өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...