13 желтоқсанда Теміртау қаласы ТЖБ 112 пультіне кішкентай баланың өзенге батып кеткені туралы ақпара...
«Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау бір күнде аяқталды
Фото: MadeniPortal.kz коллажы
115
«Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау бір күнде аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Отбасы банкінің мәліметінше, сағат 15:00-ге дейін 12,5 млрд теңгені құрайтын 524 өтінім қабылданған.
Сағат 16:00-де өтінім қабылдау аяқталған. Әйелдерді несиелендіруге арналған екінші транш көлемі 20 млрд теңге.
Осы уақытқа дейін 850 өтінім қабылданған, оның ішінде 352 өтінім банк кеңесшілері арқылы берілген.
Барлық өтінім алдын ала мақұлданған. Енді бір ай уақыт ішінде қатысушылар тұрғын үйді таңдап, кредиттік өтінім беріп үлгеруі тиіс.
Бүгін осы бағдарламаға үлгеру мақсатында банкке ерте барған үміткерлер бірін-бірі таптап кете жаздаған болатын.