Қазақ аруы 2026 байқауының жеңімпазы анықталды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
142

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін “Қазақ аруы” байқауының тәжі алматылық аруға бұйырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

3 қараша күні Алматыда Республика сарайында өткен “Қазақ аруы 2026” сұлулық байқауының жеңімпазы алматық ару Асылым Өтепберген атанды. 2-нөмірде өнер көрсеткен аруға Аида Кауменова сән үйінен арнайы тігілген шапан мен шетелге жолдама берілді. 

Бұл байқаудың ерекшелігі байқауға қатысушылар жеке-жеке емес бірге өнер көрсетті. Яғни, “Қыз Жібек” қойылымы сахналанып, арулар бірге өнер көрсетті. Сондай-ақ, сұрақ-жауап айдарында 22 аруға барлық сұрақты қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешова қойды. Тағы бір айтатын дүние, Қазақ аруы 2025 атанған Дария Қуатжанның сән үйінің көйлектері дефиле айдарында көрсетілді. 

Үшінші жыл қатарынан онлайн халықтың дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталып жүрген бұл байқауда “Қазақ аруы 2026” атанған ару 17 мыңнан аса дауыс жинаған.