Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1907

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

“Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды”, - делінген Үкімет хабарламасында.

Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелдік маркетплейстер арқылы сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.k...